Масылдық – дамудың тежегіші

73

Түркістандық оқырмандарымыздың назарына қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алғандығын және онымен күрес жұмыстары қалай жүргізілуде, осы жөнінде мәліметтерді ұмынамыз. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатындар аз емес. Ондай адамдар кез келге көп көзіне көрінбесе де, республикалық және жергілікті бюджет қаржысынан масылдық көңіл-күйді азайтуға аз болса да қаржы бөлінеді. Мемлекет басшысы сынға алып отырған жайт сол қаржының дұрыс игерілмеуінен туындап отыр. Жұмыссыздықты азайту үшін түрлі оқу орындары жеңілдетілген, тіпті бюджеттік бағдарламалар арқылы маман даярлайды, жұмыспен де қамтылады. Бұл істі жүзеге асыру барысында жергілікті әкімдіктің жүктемесі еселеп артады. Мәселен, болжамды түрде мәселенің түйінін тарқатып көрелік. Масылдық көңіл-күйге әсер ету үшін аталған санатқа жататындар жиі шоғырланған аудандардан жұмысты бастаған жөн. Бұл саланы зерттеп жүрген азаматтар мемлекет көмегімен масылдық көңіл-күйді түбегейлі болмаса да, айтарлықтай деңгейде жеңуге болатынын айтады.

Осы орайда Мемлекет басшысы: «Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Ал көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр. Әрине, біздің еліміздің мүмкіндіктері зор, бірақ оның да шегі бар. Ең бастысы, «әлеуметтік жеңілдікке ие болсам» деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады. Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан бізге түбегейлі өзгеріс керек. Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс», – деп тиісті тапсырманы жүктеген еді. Әрине, жұмыс істеуге ниетті азаматтар ешқашан қолдаусыз қалмайды. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлік бастамасын арттыру және қолдау мақсатында шағын несие де берілетін болды. Ауыл шаруашылығы саласында да жастарды қолдаудың тетіктері қарастырылған. Атап айтқанда, облыс әкімінің бастамасымен өңірімізде іске асырылып жатқан пилоттық жоба аясында әр ауданның бір ауылында мал шаруашылығымен айналысамын деген 18-60 жас аралығындағы азаматтарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген тәртіпте несие берілуде.