ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

36

Жиналыстың күн тәртібінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бойынша «Үздік әлеуметтік әріптес» конкурсының жеңімпазын анықтау, 2024 жыл Кәсіподақар күніне орай ҚР КФ-ның марапаттарына үміткерлер тізімін келісу, КФ-ның «Бір терезе» қағидасы бойынша 2024-2025 жылдарға кәсіподақ мүшелеріне және олардың отбасыларына сауықтыру демалысына жолдама алу жөнінде ұсыныстар беру, «Қазақстан кәсіподағы» газетіне жазылуды жандандыру мәселелер қаралды.

Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған Бауыржан Ілімшаұлы салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағаларына Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Тәжікстан Республикасы, Худжант қаласында Орталық Азия Кәсіподақтар кеңесінің V отырысы өткенін, кездесу барысында «Үздік әлеуметтік әріптес» конкурсын ұйымдастыру мәселесі қаралғанын айтты. Осыған орай ҚР КФ барлық салалық кәсіподақтар мен АКБ-нің өңірлік «Үздік әлеуметтік әріптес» конкурсы ұйымдастырылған. Шымкент қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бойынша конкурсқа 2 бастауыш кәсіподақ ұйымы үміткер болып қатысты. Олар «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Шымкент BUS» басқарушы компаниясы ЖШС және Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының құрамына кіретін «Водные ресурсы-Маркетинг» ЖШС.

Комиссия мүшелерінің шешімімен жеңімпаз болып «Водные ресурсы-Маркетинг» ЖШС танылды, тиісті құжаттар мерзімінде ҚР Кәсіподақ Федерациясына ұсынылатын болады.

Отырыста қаралған келесі мәселе бойынша «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек ҚР Кәсіподақтар күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылға арналған марапаттар квотасын баяндады.

Нәтижесінде Үйлестіру кеңесінің мүшелері және орталыққа қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныстары алынып, талкыланады. Қорытындысымен марапатқа үміткерлер тізімі нақтыланып, бектілетін болады.

КФ-ның «Бір терезе» қағидасы бойынша 2024-2025 жылдарға кәсіподақ мүшелеріне және олардың отбасыларына сауықтыру демалысына жолдама алу жөнінде ұсыныстар беру жәнінде айтылды.

Соңғы мәселе бойынша бас маман Ермек Қаңлыбаев ҚРКФ «Қазақстан кәсіподағы» газетіне 2024 жылға жазылуды жандандыруды қажетілігін айтты.

Бүгінгі отырысты қорытындылай келе, көтерілген мәселелер кеңес мүшелерінің және салалық кәсіподақ филиалдары басшыларының ұсыныстары тыңдалып, назарға алынды.