Жас ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне ерекше назар аударылуда

493

Шымкент қаласында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларында шұғылданушылардың санын арттыру үшін тиісті инфрақұрылымды және қосымша жұмыс орындарын көбейту мақсатында спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру іске асырылуда.

Бүгінгі таңда қалада 4096 балаға 71 спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен (жан басына шаққандағы қаржыландыру) 339,8 млн теңге қаржы бағытталды. Бұл көрсеткіш 2021 жылы жалпы бос балалардың қосымша спорттық секциямен қамту үлесінің 5,3 %-ын құрайтын болады.

Айта кетейік, бүгінде қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорт клубы жұмыс істейді.