ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДАҒЫ АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

171

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен пробациялық бақылауда тұрған азаматтармен кездесу өтті. Кездесуге Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, Сауран аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты Қ.Серманов, «Жастар ресурстық» орталығының басшысының м.у.а. Р.Скендирова қатысты.

«Пробация» – латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Пробацияның мақсаты — бас бостандығынан айыру орнынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін жұмыс істейтін қызмет.

Шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ моральдық және құқықтық нормаларды сақтау арқылы азаматтардың білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне, құқықтық кеңес беруге көмек көрсетіледі.

Қазіргі уақытта есептік кезең соңында Сауран ауданында 62 пробациялық бақылауда тұрған азаматтар бар. Олардың 53-і жұмысқа жарамды деп танылып жұмыспен қамтылған. Пробациялық бақылаудағы адамдар өздерін қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысуда.