«САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК»
Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев:
«САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК»
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап өтсек, аудан бюджетінің 1 шілдеге атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы және жылыту маусымына дайындық туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылбек Қанағат баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметовтің мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша 2023 жылдың 1 шілдедегі жағдайға кірістер бойынша жоспар 110,0%-ға орындалып, 214 437,0 мың теңге артық түскен. Есепті кезеңге кірістер жоспары барлық ауылдық округтерде толық орындалған.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылбек Қанағаттың хабарлауынша Түркістан облысы әкімінің 14 сәуір 2023 жылғы №48 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудан аумағына кіре-беріс автомобиль жолдарымен ауылдық округтардың орталықтарын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен қасбеттерді ретке келтіру тапсырылған болатын. Сонымен қатар, бір ай мерзім ішінде (10 шілдеге дейін), Түркістан – Шорнақ автомобиль жол бойындағы қураған ағаштарды қырқу, әктеу, шөптерді шабу, қасбеттерді сырлау жұмыстары жүргізілуі тиіс болған. Түркістан – Шорнақ бағыты бойынша Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы, Үшқайық, Шорнақ, Қарашық, Жүйнек, Оранғай ауылдық округтері тиісті жұмыстарды атқаруда.
Қазіргі таңда, Майдантал, Жібек Жолы, Үшқайық, Қарашық, Шорнақ, Жүйнек ауылдық округтері бекітілген тапсырма бойынша өз аумақтарын аяқтап, қосымша Сүлейменов – Шаяхметов 6 шақырымдық көше бойынан қосымша аумақтар бөлініп, тазалық жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Өз кезегінде тиісті жұмыстарды атқармай жатқан ауылдық округтерді де атап өтті.
Бұдан соң аудан бойынша 2023-2024 жылдарға жылу беру маусымына жалпы 70357 тонна қатты отын қажет болса, қазіргі таңда ауылдық округтер бойынша қатты отын тасымалдау жұмыстары жүргізілмегенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, ауданның барлық бюджеттік мекемелер жылу маусымы-на дайындық бойынша жылу жүйе-лерін ауамен сығымдау жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін аяқтауы қажеттігін жеткізді.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.
«Сауран-ақпарат».