Түркістан қаласы әкімінің қатысуымен «Түркістан – шексіз мүмкіндіктер қаласы» атты кездесу өтті.

126

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі ретінде үнемі айтып келеді. Халыққа Жолдауында: «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз» деген болатын.

Осыған дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында әкімдік жанынан «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, бүгінде «Бекзат» мөлтек ауданындағы филиалымен толықты. Қазіргі таңда, осы орталықта азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану, жұмыспен қамту, мемлекеттік грант, біліктілігін арттыру шаралары қарқынды жүргізілуде.

Сондай-ақ, әлеуметтік салада бірқатар үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік кәсіпкерлер әкімдікпен бірлесе жұмыстар атқаруда. Оның ішінде 220 мүмкіндігі шектеулі баланы қамтыған «Жұлдызды сәт» мега жобасы, «Интеллект» ерекше жандар арасында куиз жобасы жасалды.

Қала әкімімен кездесуге «Шапағат» мүмкіндігі шексіз азаматтар қауымдастығының төрағасы — Шалтан Еркінбай Керімбайұлы, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы төрайымы — Әйтек Зауре Әбдіразаққызы, «Туа біткен саңлау мылқау қоғамы» қауымдастығының өкілі — Ғуламов Бунед, «Тең қоғам» орталығының қызмет алушылары қатысты