АУДАНДА 2 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

12

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жауапты сала мамандарымен бірге Шытты елді мекенінде салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылысын көріп, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.

Аудан басшысы мердігер мекеме «Real Story Invest» ЖШС-нің мамандарымен кездесіп, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан медциналық нысан облыстық бюджеттің қаражаты есебінен бой көтеруде. Бұл нысан бұған дейін ауыл тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселенің бірі болатын. Бүгінде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, кезең-кезеңімен іске асуда.

Мұнан бөлек ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес Аққұм ауылында дәрігерлік амбулатория салынуда. Аталған нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Медициналық нысан арнайы құрал жабдықтармен қамтылып, 1 аға дәрігер, 1 акушер-гиниколог, 3 медбике ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін болады.