ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

80

Бүгін аудан әкімі Аскар Естибаев «Балбөбек» медициналық орталығына рұқсатсыз тіркеліп кеткен бір топ азаматтың шағымын тыңдау мақсатында жиын өткізді. Оған жауапты орынбасары, «Балбөбек» медициналық орталығының басшылығы, құқық қорғау органының қызметкері мен аудан әкімі аппаратының мамандары қатысты.

Аудан басшысы тұрғындардың уәжін тыңдап, медициналық орталық басшылығының жауабынан кейін басқосуды қорытындылады.

Атап айтсақ, орталық басшысына ондағы тіркеліп тұрған барлық азаматқа талдау жасап, түгендеу жұмыстарын жүргізіп, тіркеліп кеткен балалар болса ата-аналарына хабар беру керектігін ескертті. Әр азамат қай жерге тіркелгісі келсе өз құқығы екенің айтып, заңсыздыққа жол бермеу керектігін атап өтті. Қажет болған жағдайда жеке тұлғалар бұл бойынша құзырлы органдарға шағым түсіріп, тергеу амалдарының жүруін талап ете алатындығын ескертті.

Сонымен қоса, жекеменшік орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында заманауи құрылғылармен жабдықтау, қызмет сапасын барынша жақсару бойынша ойын жеткізді.