ОРДАБАСЫ: ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАДА ЖЕДЕЛСАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ордабасы аудандық орталық ауруханасында жаңа заманауи жеделсатының (лифт) іске қосылуы – науқастар мен медицина қызметкерлері үшін үлкен жетістік.
Бұл жеделсаты аурухананың әртүрлі бөлімдеріне, соның ішінде хирургия, неврология, оңалту, перзентхана, терапия, ота жасау және қабылдау бөлімдеріне қызмет көрсетуге арналған.
Мұндай жаңашылдық емделушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.