ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА 438 МЫҢНАН АСТАМ КІТАП ҚОРЫ БАР
Оның ішінде 23 мыңнан астамы балалар кітапханасына тиісілі.
Аудан әкімі Аскар Естибаев орталық кітапханаға арнайы табан тіріп, білім бұлағының бүгінгі тынысымен танысты.
Жалпы ауданымыздағы ең ірі кітапханада бүгінгі таңда 18 шығармашылық қызметкер бар.
Ғаламтор жаулаған заманда кітапқа деген сұраныс расымен түсіп кетті ме? «Жастар кітап оқудан қалды» деген негізсіз қалыптасқан түсінік үлкен буын қатарынан жиі естіп жатамыз.
Дегенмен, бүгінгі таңда жастар арасындағы интернетке тәуелділік кітапқа деген қызығушылықты жоя қоймағандай.
Олай дейтініміз өткен жылдың өзінде аталған кітапханада 1977 бала тұрақты оқырман ретінде тіркелеген. Ал ересектер жағы 3300 оқырманды құрап отыр.
Рухани орталықты аралау барысында Асқар Сұлтанұлы шығармашылық қызметкерлермен тілдесіп, жалпы аудан халқын, оның ішінде жас буын өкілдерін кітап оқуға баулы бойынша насихат жұмыстарын жандандыру керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, ауданымыздың көз тоймайтың табиғатын, киелі орындарын, тарихын бейнелейтін заманауи 3D туындысын шығару керектігін жауапты мекеме басшысына тапсырды.
Кітапхананы толық аралап болған соң аудан әкімі кітапхана қызметкерлерімен естелік суретке түсіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі