АЗАТ ОРАЛБАЕВ: ӘР АУЫЛДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН РЕСУРСТАРЫН ЕСКЕРУ КЕРЕК
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев апталық жұмыс жоспарына сәйкес, Шұбар және Шұбарсу ауыл округтерінің әкімдерінің алдағы жоспарлары мен атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады, бұл ауыл округтердің дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешілуін қадағалау мақсатында өткізілген маңызды қадам екенін айтты. Мұндай есеп беру кездесулері халықтың қажеттіліктерін анықтап, алдағы міндеттерді нақтылау үшін тиімді.
Аудан әкімі бірқатар салаларға баса назар аударуды тапсырды. Жолдарды жөндеу және салу. Электр, ауыз су және газ жүйелеріне абоненттерді қосу. Интернет пен байланыс қызметтерін кеңейту. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау. Ауыл шаруашылығын дамыту мал және егін шаруашылығын қолдау, заманауи технологиялар енгізу. Ауылдарды көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Қоқыс жинау жүйесін ретке келтіру. Халықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, нақты жобаларды жүзеге асыру. Тұрғындарды ауылды дамыту жұмыстарына тарту.
Аудан басшысы ауыл округ әкімдеріне әр ауылдың ерекшеліктері мен ресурстарын ескере отырып, осы бағыттарды жүзеге асыру арқылы ауылдарды жан-жақты дамытуға болатынын атап өтті. Әкімдер есеп беру барысында халықтан түскен ұсыныстарды да назарға алып, оларды іске асырудың нақты жоспарын құру қажеттігін қатаң тапсырды. Ауыл округ әкімдері мен мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.