АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің атқарған жұмыстары, қылмыстық атқару жүйесіндегі өзекті мәселелер, базарларды жаңғырту жұмыстары қорытындыланды. Аталған департамент басшысы Е.Қосбаев саладағы өзекті мәселелерге сұйытылған мұнай-газ нарығындағы жағдайға тоқталды. Қала басшысы жауаптыларға жалпы жұмыс сапасын жақсартуда, сұйық отын тапшылығын болдырмауда нақты тапсырмалар берді.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы С. Жұмағұлов саладағы өзекті мәселелерді баяндады. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруда ұсыныстар талқыланды.
Жиын барысында Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б. Әзімбердиев базарларды жаңғырту жұмыстарымен бөлісті. Қала аумағында 19 сауда базары жұмыс істейді. «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының талаптарына сәйкес 7 базар модернизациялау Жол картасына енгізілген. Оның ішінде былтыр 3 базарда модернизациялау жұмыстары аяқталған. Қалған сауда орталықтарын модернизациялау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Ғ.Әбдімәжитұлы басқарма басшысына халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында базарлар аумағындағы ретсіздіктерді қалпына келтіріп, модернизациялау шараларын қадағалауды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі