ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА ЖҮРЕК ОТАЛАРЫ ЖАСАЛАТЫН ЖАҢА БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

39
Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасы базасында кардиохирургия бөлімшесі ашылып, енді дәрігерлер жүрек ақауы бар балаларға жергілікті деңгейде күрделі оталар жасай алады.
Осыған орай қалада халықаралық конференция өтіп, Беларусь, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның жетекші медициналық мамандары кардиохирургия саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Конференция аясында шетелдік мамандар жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып, балаларға ашық жүрек отасын жасады.
Жаңа бөлімше 20 төсек-орынға есептелген және заманауи кардиореанимация, операциялық блокпен жабдықталған. Енді мұнда 18 жасқа дейінгі балаларға жүрекке ашық ота жасау мүмкіндігі бар.