ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАН КӨЛЕМІНДЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

20

Президент Қ.К.Тоқаевтің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде кең көлемді ағаш отырғызу шарасы басталды.

Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту және аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

Аудан тұрғындары, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді жастар табиғатты аялауға өз үлестерін қосу үшін бірлесіп жұмыс жасауда.

«Бұл акция – туған жеріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлкен үлес. Әр отырғызылған ағаш – болашақ ұрпаққа қалдыратын мұрамыз. Баршаңызды табиғатты аялауға, көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз»