КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

17
Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынның күн тәртібінде Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің үстіне жинақталған іс құжаттар бойынша және Түркістан қаласы Прокуратурасының №25/392 от 21.01.2025 ұсыныс хаты бойынша мәселелері талқыланып, өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Жиын барысында комиссия төрағасы Мекенхан Қозыханұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.