ЫҚЫЛАСТЕМІР АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ ЗАЛ АШЫЛДЫ

22

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің денсаулық, спорт салаларын ілгері дамытуға бағытталған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы қабылданып, осы мақсатта халықты спортпен тұрақты түрде шұғылдануға және спорт саласын дамытуға жаңа спорт нысандарын пайдалануға беру жолында заманауи техникалық базалармен қамту жұмыстары қолға алынған.

Бүгін Ордабасы ауданы, Бөржар ауыл округіне қарасты Ықыластемір ауылында спорт зал ел игілігіне берілді. Ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлаған спорт залдың ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков қатысып, құттықтау сөздерін айтты.

Салтанатты шара аясында ауыл ақсақалдары бата беріп, жұртшылыққа жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Жаңа спорт кешеннің лентасы қиылды.

Ықыластемір ауылындағы 80 соттық алаңшада құрылысы басталып, жұмыстары тұралап қалған спорт нысанын былтырғы жылы ауылдың тумасы қолға алған. Бүгінгі күнде ауылдағы спорт залдың құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

Айта кетейік, спорт нысанда баскетбол, волейбол, футзал, аралас жекпе-жек, джиу-джитсу, сонымен қатар күрес түрлерінен ауыл тұрғындары мен жасөспірімдер бұқаралық спорт түрлерімен тұрақты шұғылданса, жуыну бөлмесі, киім ауыстыру бөлмесі, жаттықтырушы бөлмелері талапқа сай толық жасалынған. Сонымен қатар спорт залдың жанына ауылдың белсенді азаматтары мен демеушілер арқылы ашық алаңшаның құрылыс жұмыстары аяқталған.

Жалпы Бөржар ауыл округінен спорттың ММА аралас жекпе жек, джиу-джитсиден 10-нан астам Азия және Әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, баскетболдан ҚР жеңімпаздары шыққан. (Дихан Тоқтар Әлиайдарұлы, Жасия Бекзат Талхатбекұлы, Жанысбек Әділет Ербасұлы, Әбдіқайым Иманғали Сәкенұлы т.б көптеген спортшылар)

Қазіргі таңда Ықыластемір ауылының жаттықтырушыларының шәкірттері ММА аралас жекпе жек пен джиу-джитсу спортынан Халықаралық жарыстарда топ жарып тұр.

Жалпы 2024 жылы екі спорт кешенін халық игілігіне пайдалануға берілсе, үстіміздегі жылы республикалық бюджет есебінен 1 спорт кешенін, жергілікті бюджетен 2 спорт алаңшасын, 2 спорт залын пайдалануға беру жрспарлануда.

Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен Темірлан ауылынан бассейін мен теннис корт және Шұбар ауылына спорт кешенінің құрылыс жұмыстары басталмақ.