ҚАЛА ӘКІМІНІҢ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

22

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы азаматтарды жеке қабылдап, олардың түрлі әлеуметтік мәселелерін тыңдады. Қабылдауға 14 қала тұрғыны келіп, өз мәселелерін айтты. Келген азаматтардың 8-і тұрғын үй, 3-і жер мәселесі, 1-і жұмысқа орналасу, 1-і KCEEl базалық станциясын тұрғындар көп шоғырланған жерден ауыстыру, 2 азамат атаулы әлеуметтік көмек алу секілді мәселелерді көтерді. Әкім қала тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, олардың әрқайсысын зерделеуді қажет ететін мәселе ретінде қарауға уәде берді.

Барлық көтерілген өтініштер назарға алынып, Әзімбек Пазылбекұлы оларды тиісті сала мамандарына тапсырды. Әрбір өтініш әкімдік тарапынан толық зерттеліп, қажетті шаралар қабылданатын болады. Әкімдік жұмысындағы ең маңызды мақсат – тек бір реттік мәселелерді шешіп қана қоймай, олардың қайталанбауы үшін жүйелі әрі ұзақ мерзімді шараларды қабылдау болып табылады.

Қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы талдау топтары әлеуметтік-экономикалық мәселелердің түп-тамырын анықтап, оларды шешу жолдарын іздестіруде. Бұл топтар тек мәселелерді шешумен шектелмей, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, олардың өмір сапасын арттыру бағытында кешенді жоспарларды іске асыруды көздейді.