“SARDAR JUDO LIGASY” — FINAL

11

Қазіргі уақытта ауданымызда бұқаралық спорт түрі қарқынды даму үстінде, осы бағыт бойынша “SARDAR” спорт клубының дзюдо лигасы өз мәресіне жетті, аталған клубтың ұйымдастыруымен лига екінші жыл қатарынан өтуде!

Дзюдо лигасына жыл бойына тұрақты түрде 200-ге жуық спортшы қатысып келеді, V-кезең, 12 салмақ салмақ дәрежесі бойынша үздік ұпай жинаған 8 спортшы финалдық кезеңге жолдама алған болатын, сәйкесінше 96 спортшы өз араларында кіл мықтыны анықтап, жеңімпаздар жеңіс тұғырына шықты.

Демеушілердің қолдауымен жеңімпаздарға арнайы дзюдо кимонолары мен лига жеңімпазына арнайы жасалған белдік табысталды!