«Асар» шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

708

Шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағындағы «Асар» шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстың барысын аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалауда.

Нәтижесінде аудандық инфрақұрылым және көріктендіру бөлімі тарапынан абаттандыру жұмыстарына жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.

Еске сала кетейік, «Асар» шағынауданындағы 23, 26, 27, 29 үй ауласын абаттандыру мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Азат Строй Сервис» ЖШС жүргізуде.