АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ-ХӘКІМ АБАЙ

10

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, “Абай мұралары” онкүндігі аясында аудандық Мәдениет үйіне қарасты Жеңіс ауылдық Мәдениет үйінде “Адамзаттық алып — Хакім Абай” іс-шарасы кең көлемде аталып өтті.

Қатысушылар жергілікті тұрғындар, мәдениет және білім саласының қызметкерлері, жастар және мектеп оқушылары болды. Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздері оқылды. Сонымен қатар, Абайдың әндері айтылды. Абай шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастырылып, қатысушыларға Абай мұрасының құндылығы мен маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.

Кештің негізгі мақсаты — жастарды Абайдың терең ойларымен, адамгершілік құндылықтарымен таныстыру, олардың рухани байлығы мен ұлттық болмысының қалыптасуына ықпал ету болды.

АБАЙ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР БАРЫСЫ

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған 10 күндік іс-шаралар аясында, ауданымызға қарасты Бадам ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш барысында:

Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды;

Өлеңдері мен әндері мәнерлеп оқылып, орындалды;

Қатысушылар шығармашылықпен айналысып, ақын мұрасына терең бойлады.

Сонымен қатар, «Ақын есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырманға жол тартты.

Ұлт руханиятынаның тірегі Абай мұрасын ұлықтау – ұрпаққа үлгі!