Шымкент: Басқарма басшысы 7 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

444

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Архабаев 2021 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізілуде. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталығы (ӘІО) аумағы — 282 га, әкімшілік, көпсалалы мәдени, оқу-ағарту және басқа да халыққа қызмет көрсету ғимараттары, көпқабатты тұрғын құрылыс нысандары салынып, игерілуі толық аяқталуда.

Сонымен қатар, қаланың солтүстік-батыс бөлігінде аумағы 420 га «Шымкент-Сити» шағынауданы 70 мыңға таяу тұрғынды қамтитын болады. Мұнда 7 мектеп, 21 бала-бақша, 2 емхана және көпқабатты тұрғын үйлер мен бизнес орталықтарының ғимараттарын салу жоспарланған.

Бүгінгі таңда аумаққа инфрақұрылым жүргізіліп, құрылыс нысандары салынуда.

Сонымен қатар, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде Тұран шағынауданында тұрғын үйлер аумағына инфрақұрылым жүйелері жобалары жасақталып, инженерлік жүйелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.