МЕЙІРІМДІ МЕЙІРГЕР — ШЫМКЕНТТІҢ “ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ” АТАНДЫ

53


Зор қуаныш!
Әсіресе, мейірімді мейіргерлер үшін үлкен мақтаныш!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа рахмет. Биыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялап, еңбек адамдарына ерекше құрмет жасауды тапсырды. Соның жемісі Шымкентте нәтиже бере бастады.
Бұрындары көбіне-көп атақ пен даңқ, ордень мен медалді тек “әкім-қаралар” еншілеп келгені жасырын емес. Биыл Шымкентте марапаттаулар қарапайым жұмысшылар арасынан, шынайы иелерін тапқандай болды. Соның бір дәлелі Шымкент қалалық Диагностикалық орталықта бас мейіргер боп ұзақ жылдан бері еңбек ететін Кенжебекова Гүлзада Анарқұлқызына Шымкент қаласының “Құрметті азаматы” атағы берілді. Салтанатты марапатты Гүлзада Анарқұлқызына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен маслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов арнайы табыстады. Бұл марапат Мырзахметова Шолпан Исабекқызы басқаратын Шымкент қалалық Диагностикалық орталықта жұмыс істейтін барша ұжымның ортақ қуанышы, жемісі мен жеңісі деп санаймыз! Құтты болсын!
Рахмет Саған Дәрігер

Автор: Ерсұлтан Әмірбек
Журналист