ШЫМКЕНТТЕ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы №50120 әскери бөлімінде аумақтық қорғанысты ұйымдастыру бойынша арнайы оқу-жаттығу жиыны басталды. Шара алдағы уақытта «Ақтас» оқу-жаттығу алаңында өтпек. Заңға сәйкес, аумақтық қорғаныс тек Қарулы күштердің ғана емес, құқық қорғау органдарының, жергілікті билік пен тұрғындардың бірлескен іс-қимылын қамтиды. Бұл жүйе төтенше жағдай туындағанда қауіптің алдын алып, халықты қорғауда уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Шымкентте басталған бұл оқу-жаттығу жиыны өңірдің қорғаныс әлеуетін арттырып қана қоймай, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға да үлес қосатыны сөзсіз
Жиынға әскери бөлімнің жеке құрамы мен әскери міндеттілерден құралған 93 азамат қатысады. Олар он күн бойы әскери дайындықпен танысып, түрлі жаттығуларды меңгереді. Оқу-жаттығу кезінде азаматтардың негізгі жұмыс орнындағы еңбекақысы толық сақталады.
— Аумақтық қорғаныс жүйесі 2019 жылдан бері еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Оның басты мақсаты – елдің ішкі қауіпсіздігін күшейту, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге дайын болу және азаматтардың мобилизациялық даярлығын арттыру. Сонымен қатар, мұндай жиындар халық арасында патриоттық сезімді нығайтып, елге деген жауапкершілікті арттырады,-дейді Шымкент қаласындағы №50120 әскери бөлім командирінің орынбасары Мақсат Оспанов.
Заңға сәйкес, аумақтық қорғаныс тек Қарулы күштердің ғана емес, құқық қорғау органдарының, жергілікті билік пен тұрғындардың бірлескен іс-қимылын қамтиды. Бұл жүйе төтенше жағдай туындағанда қауіптің алдын алып, халықты қорғауда уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Шымкентте басталған бұл оқу-жаттығу жиыны өңірдің қорғаныс әлеуетін арттырып қана қоймай, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға да үлес қосатыны сөзсіз.