ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

21
📍Ауданда «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында «Елдегі ішкі тұрақтылықты сақтауда құқықтық, саяси және діни сауаттылықтың, зайырлылық принциптердің алатын орны және рөлі» тақырыбында кездесу өтті.
📍Іс-шараға аудандық ақсақалдар кеңесі мен аналар кеңесінің мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, дін саласының қызметкерлері, әскери қызмет саласы мамандары, ауыл билері және жастар қатысты.
📍Кездесуде облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хасан Исақов құқықтық және діни сауаттылық, сондай-ақ әскери міндеттілік тақырыптарында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📍Жиын барысында қатысушылар ел бірлігін сақтау, діни төзімділік пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайту бағытында өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.