ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ШЫМКЕНТКЕ ОРАЛДЫ

Египеттің Каир қаласында өткен каратэден (WKF) Әлем чемпионатында жерлесіміз Софья Берульцева күміс жүлдегер атанған болатын. Бүгін Шымкент қаласының халықаралық әуежайынан жеңімпаз спортшыны күтіп алу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов, спорт мектебі басшылары, жаттықтырушылар және жанкүйерлер қатысты.
Е.Дәрменов Берульцеваны кезекті әлем чемпионатындағы жүлдесімен құттықтап, келесі жылғы Азия ойындарында да жоғары жетістіктен көрінуіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде тәжірибелі спортшы жауапты сынға тыңғылықты дайындық жүргізетінін айтты. Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Египет астанасында өткен әлем чемпионатында 86 елден 378 спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
27-әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева кезекті мәрте жоғары нәтижеге қол жеткізді. Шымкенттік спортшы жарыстың финалына дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Софья плей-офф кезеңінде италиялық Клио Ферракутти мен нидерландтық Ингрид Крименсті айқын ұтты. Жартылай финалда Англия спортшысы Рошель Уолтерсті 5:3 есебімен жеңіп, финалға шықты. Шешуші кездесуде Германия өкілі Йоханна Колено Книрге есе жіберді.
Софья Берульцева қазақ каратэсінің тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. Бұған дейін әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді. Биыл, міне, өз нәтижесін күміс жүлдемен жақсарта түсті. Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Египет астанасында өткен әлем чемпионатында 86 елден 378 спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.








