АУДАН АУМАҒЫНДА МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

9

Аудан аумағында аса қауіпті зиянкестердің бірі – морокко шегірткесіне қарсы алдын алу және залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылым алқаптарына айтарлықтай қауіп төндіретін бұл зиянкестің дернәсілдері анықталған учаскелер бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынды.

Арнайы жүргізілген мониторинг нәтижесінде 21 нүктеде шегіртке тұқымдарының (личинка) шоғырланған координаттары нақтыланып, қазіргі таңда Бөген, Жамбыл және Мыңбұлақ ауылдық округтерінің аумақтарында топырақты аудару, өңдеу жұмыстары басталды.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – дернәсілдердің көбеюіне жол бермей, ерте кезеңде жою арқылы алдағы маусымда зиянның

алдын алу.

Аудан әкімдігі мен тиісті сала мамандары жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, өңірдің аграрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.