ШЫМКЕНТ: ПОЛИЦИЯ МОДЕЛІ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРДІ

277

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында атап өткендей, полиция қызметінің сервистік модельге көшуі – басым бағыттардың бірі. Үшінші мегаполисте Президент тапсырмасы аясында халыққа сапалы қызмет көрсетуге және қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен өзара серіктестікте шешуге баса көңіл бөлініп отыр.

Шымкент қаласында сервистік полиция моделі кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, бірінші кезеңде қала әкімінің өкімімен ведомствоаралық топ құрылды. Топ құрамына полиция өкілдері, білім, денсаулық басқармалары, әлеуметтік қорғау, әкімдік, прокуратура өкілдері енгізілді. Пилоттық жоба ретінде криминогендік ахуалы күрделі аумақ ретінде Әл-Фараби ауданы таңдалды. Жаңа жобамен жұмыс істеуде ҚР Ішкі істер министрлігінің тарапынан және ОБЭСЕ өкілдері арнайы сабақ өткізді.

Екінші кезеңде, ведомствоаралық топ Әл-Фараби ауданы бойынша анализ жасап, мәліметтер жинақтады, халық арасында сауалнама жүргізіп, проблемаларды талдау, азаматтар мен полиция және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынастың жағдайын зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Үшінші кезеңде, қауіпсіздік мәселелерін жою бойынша ұсыныстар әзірленіп, мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тараптар арасында жоспар түзіліп, қоғамдық қауіпсіздік бойынша бірлескен іс-шаралар атқарылды. Қорытындысында жобаның шарттары дайындалып, қаланың барлық аймақтарына таратылады.

Әл-Фараби ауданында жаңа жүйедегі жұмыс нәтижесінде 2022 жылы тіркелген қылмыстар саны 48,4%-ға (225-тен 116-ға) төмендеді. Оның ішінде ұрлық (188-бап) 47,8%-ға (97-ден 52-ге), есірткіге қатысты қылмыстар (296-бап) 45,8%-ға (24-тен 13-ке) азайды.

Алдағы уақытта, сервистік полиция моделін қала бойынша енгізіледі. Осының аясында «Халық – әкімдік – полиция», «Жұртқа жақын полиция» қағидаттары бойынша бірлескен жұмыстар атқарылатын болады.