ТҰРҒЫНДАРДЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ.

10

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдауға ауданның бірқатар азаматтары келіп, тұрғын үй кезегі, жол, инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер бойынша жеке сұрақтарын жеткізді.

Бақыт Қырғызалиев көтерілген мәселелердің шешілуін өз бақылауында ұстайтынын атап өтті. Кейбір сұрақтар бойынша тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Тұрғындармен тиімді байланыс орнатудың маңызды тәсілдерінің бірі – жеке қабылдау. Мұндай кездесулер халықтың мәселелерін уақтылы шешуге және билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жеке қабылдауға жазылуды Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімшесі жүргізеді. Қабылдауға е-otinish бірыңғай базасы және жалпы бөлімшесіне келіп, жазбаша өтініш тастау және 8700-484-92-13 сенім телефоны арқылы жазылуға болады.