АУДАНДА КЕЗЕКТІ ОТЫЗ БЕСІНШІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

6

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев Бәйдібек аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз бесінші сессия отырысына қатысты. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты.

Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға ұсынды.

Күн тәртібінде:

Аудан әкіміне жүктелген қызмет пен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі туралы, Бәйдібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25/146 «2025 – 2027 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Бәйдібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №13/62 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық штабтың құрамын бекіту туралы» баяндалды.

Баяндамашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар берілді. Талқылау қорытындысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешім қабылдады.

Сессия барысында айтылған ұсыныстар мен айтылған мәселелерге сәйкес аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев жауапты мемлекеттік органдарға жолданатын ұсыныс хаттар әзірленетінін атап өтті.