«AGROFEST TÚRKISTAN — 2025» САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ҚР «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» атты мерекелік іс-шарасы басталды.
Салтанатты жиында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылуда.
Сонымен қатар, іс-шара барысында қайта өңдеу кәсіпорындарының көрмесі өткізіліп, «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы табысты бастамалар таныстырылуда. Көрме сөрелеріне сүт өнімдері, жұмыртқа, шұжық түрлері, балық өнімдері, балара өнімдері, өсімдік майлары, қызанақ және алма шырындары қойылып, өңдеу саласының әлеуеті кеңінен көрсетіліп жатыр.
Ауқымды шарада ауданымыздың ауылшаруашылық саласындағы жаңашылдықтары пен жетістіктері ұсынылуда.








