АУДАН ӘКІМІ АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

7

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар нысандарды аралап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Аудан басшысы алдымен Қоғам ауылындағы айналма жолдың құрылыс жұмыстары қаралып, жобаның іске асу мерзімі мен орындалу сапасына назар аударылды. Жол құрылысының ауыл ішіндегі көлік қозғалысын реттеп, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба екенін атап өткен аудан басшысы жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Мұнан кейін Мыңшұқыр ауылында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысымен танысты. Бүгінде аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында салынып жатқан 4 қабатты 32 пәтерлі тұрғын үйдің 90 пайызға жуық құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда ішкі монтаждау жұмыстары атқарылуда.

Өз кезегінде аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, құрылыстың сапалы және мерзімінде аяқталуын тапсырды.

Жалпы қазіргі таңда Отырар ауданында тұрғын үй кезегінде 2 мынан аса азамат тіркелген. Оның ішінде, азаматтар халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары, көпбалалы отбасылар тобы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша, мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, апатты жағдайдағы тұрғын үйлер санаттары бойынша тіркелген.