САРЫАҒАШ: КӨПЕН ӘМІРБЕККЕ АРНАЛҒАН «ЕШКІ АУЫЛДЫҢ ЕРТЕҢІ» ҚОЙЫЛЫМЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ САХНАЛАНДЫ

Сарыағаш ауданының мәдениет үйінде белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбектің 75 жылдығына арналған «Ешкі ауылдың ертеңі» атты комедиялық қойылым тұңғыш рет сахналанды.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жас өнерпаздардың еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, сахна шеберлеріне алғысын білдіріп, оларға ықылас гүл шоғын табыстады.
Аталған спектакльмен ұжым облыстық «Театр – өмір айнасы» байқауына қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Театр труппасы «Үздік актерлік ансамбль» номинациясын жеңіп алса, жас актер Әшір Ниязмұхамбет байқаудың «Үздік актер» аталымымен марапатталды.
Айта кетсек, комедияның басты мақсаты – қазақ сатирасының көрнекті өкілі Көпен Әмірбектің шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның елге, туған жерге, әдебиетке деген зор патриоттық сезімін көрерменге терең жеткізу болды. Қойылым кейіпкерлерінің мінезі мен оқиға желісі арқылы сатириктің қоғамға деген өткір көзқарасы мен адамгершілік құндылықтары ашыла түсті. Оған қоса, қойылым Сарыағаш өнерпаздарының шығармашылық ізденісін айқындай түскен ерекше мәдени оқиға ретінде есте қалды.








