«Е-ӨТІНІШ» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ ДИАЛОГ ҚҰРУДЫҢ ТЕТІГІ

6

Бүгін Түлкібас ауданында «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу барысын түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-кеңес өтті.

Аудан әкімдігі аппаратының басшысы Фархад Байтуғановтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері мен жауапты мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Семинарға арнайы қатысқан Түркістан облысы әкімінің аппараты жанындағы өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің басшысы Айдана Әмірбекқызы ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен «Е-Өтініш» жүйесінде жұмыс жүргізудің тәртібін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін өтініштерді тіркеу, өңдеу, мерзімінде жауап беру және жүйеде дұрыс жұмыс жүргізу талаптарын нақтылап берді.

Жиын барысында 2025 жылдың І жартыжылдығындағы Ашықтық индексінің бағалау нәтижесі мен азаматтық өтініштер бойынша 10 айда атқарылған жұмыстар сараланды.

Мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысын нығайтып, өтініштерді сапалы әрі уақытылы қарау қажеттігі айтылды. Бұнымен қоса, басшыларға бақылауды күшейтіп, кемшіліктерге жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.