ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ БАҚЫЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбековтың төрағалығымен өткен жиынға аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Намазов пен Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Садықбеков қатысты.
Жиын барысында Асхат Тұрсынханұлы құқықтық сауаттылық және мемлекеттік бюджетті бақылаудың заманауи тетіктеріне тоқталып, онлайн бюджеттік мониторинг, электрондық мемлекеттік сатып алу, электрондық қазынашылық жүйелері, қоғамдық бақылау кеңестері мен ішкі және сыртқы аудит, цифрлық бақылау жүйелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онлайн бюджеттік мониторингтің артықшылықтары мен тәуекелдерді анықтау жұмыстарының нәтижелерін айтты.
«Мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін құқықтық сауаттылық пен қатаң бақылау тетіктері маңызды. Онлайн бюджеттік мониторинг (ОБМ) сияқты жүйелердің әлеуетін толық пайдалану және анықталған мәселелерді шешу арқылы бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге болады» деді Асхат Тұрсынханұлы.
Сондай-ақ, басқосуда мемлекеттік мекемелердегі қаржылық операциялардың толық ашықтығын қамтамасыз ету, қызметкерлердің өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын талап ету, қызметкерлердің қаржылық және құқықтық сауаттылықтарын үнемі арттыру, қаржылық тәртіпті күшейту үшін ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен сөз болып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Айтылған ұсыныстар талқыланды.








