МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕП ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

7

Сауран ауданы әкімдігінде Түркістан облысының әдеп жөніндегі уәкілінің төрағалығымен маңызды мәжіліс өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік мәдениетті арттыру және жылдық жұмыс нәтижелерін қорытындылау мәселелері қаралды.

Алғашқы баяндамада Сауран ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Бекзат Абубакиров биылғы 11 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ол аудан көлемінде әдеп талаптарын нығайту, профилактикалық кездесулер өткізу, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша жүргізілген шараларды баяндады.

Келесі кезекте Түркістан облысының әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Орманов облыс деңгейіндегі әдеп мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстарды таныстырды. Есепте мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, шағымдарды қарау тәртібі және алдын алу шараларының тиімділігі атап өтілді.

Жиын барысында әдеп саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған ұсыныстар айтылды. Іс-шара мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік пен ашықтықты арттыруға бағытталған диалогтық алаң ретінде маңызды рөл атқарды.