«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Сарыағаш қаласындағы «Алып» сауда қалашығында өткізіліп, тұрғындарға түрлі сала мамандарынан кеңес алу мүмкіндігін ұсынды.
Акция барысында қала және ауыл тұрғындарына прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, әділет органдарының қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ медицина, салық, білім, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларының мамандары кеңес берді. Сонымен қатар заңгерлер, адвокаттар, нотариустар мен медиаторлар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Халық заңгері» республикалық акциясы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізіліп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етпек.
Айта кетсек, аталған акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ билік пен халық арасындағы сенімді әрі ашық диалогты нығайту. Мұндай бастамалар халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге, мемлекеттік органдардың ашықтығын және қолжетімділігін арттыруға бағытталғанбағытталған.








