ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

28

Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар Еркінұлы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қаланы жылумен қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер, кәсіпорын қызметінің қазіргі жағдайы және алдағы даму бағыттары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ мекеме қызметкерлерін алаңдатқан бірқатар сұрақтар көтеріліп, салада кездесетін түйткілдер мен оларды шешу жолдары жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылды.

Өз кезегінде депутат көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, жылу жүйесінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуі қала тұрғындарының тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор екенін жеткізді.

Ашық әрі мазмұнды форматта өткен кездесу екіжақты пікір алмасуға ұласып, жылумен қамтамасыз ету саласын дамыту бағытында алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетті.