ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА – ҚАЛА РУХАНИЯТЫНЫҢ НЕГІЗІ

Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қала тұрғындарына тұрақты түрде мәдени-ағартушылық қызмет көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда жүйе құрамында 14 кітапхана жұмыс істейді. Атап айтқанда, 1 орталық кітапхана, 1 балалар кітапханасы және 12 қалалық кітапхана-филиалы бар. Кітапханаларда 56 штат бірлігі бойынша 56 қызметкер еңбек етеді.
Жалпы кітап қоры 355 935 дананы құрайды. Есепті кезеңде кітап берілімі 428 090 рет жүзеге асырылып, 230 606 келушіге қызмет көрсетілді. Тіркелген оқырмандар саны – 27 703 адам. Кітап қоры жергілікті бюджет, мемлекеттік тапсырыс, сыйға тарту және өзге де көздер есебінен толықтырылды.
2024 жылы бірқатар кітапхана нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Т.Мыңбасы №3а мекенжайындағы орталық кітапханаға 21 280,0 мың теңге, С.Қожанов №4а мекенжайындағы №4 кітапхана-филиалына 23 968,0 мың теңге, И.Алтынбеков №21 мекенжайындағы №8 кітапхана-филиалына 4 653,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.
Сонымен қатар, Түркітілдес халықтардың кітапханасы өз алдына қызмет атқарып, оның кітап қоры 51 302 дананы құрайды. Кітап берілімі – 42 316, келушілер саны – 25 626, оқырмандар саны – 23 047. Аталған кітапханада жыл көлемінде 40 мәдени іс-шара өткізу жоспарланған.







