АРДАГЕР АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР АУДАНЫМЫЗДА

31

Бүгін Ордабасы ауданында облысымызға және Республикамызға танымал ардагер дәрігерлер жиналды.
Аудандық Орталық ауруханасында өткен кездесуде аурухана басшысы Сағымбеков Болатхан Салыбекұлы ардагер білікті дәрігерлерге атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырып, медицина қызметкерлерімен бірге жиын өткізді.
Аурухана ғимаратында заманауи жаңадан орнатылған медициналық құрал-жабдықтармен, қолданыстағы және диагностика бөліміндегі функционалды диагностика аппараттарының ауруларды анықтаудағы мүмкіншіліктері барын атап өтіп, қабылдау бөлімінен бастап, босану және жан сақтау бөлімдері таныстырылды. Биылғы жылы жаңадан қолданысқа берілген 4 бірдей жаңа лифттер келушілердің көңілінен шыққандығын тілге тиек етті.
Арнайы жиналыс залында өткен кездесуге аудан әкімі Азат Оралбаев келіп, ардагерлерге құрмет көрсетті. Сый сияпат жасап иықтарына шапан жапты. Медицина саласының білгірлері, ардагер Иманәлі Оспанұлы, Спандияр Бекжігітұлы және Қабыланбек Түлкібекұлына “Ауданымызға сіңірген еңбегі үшін” төс белгісі табыс етілді.
Жиын соңында сала ардагерлері аурухана аумағына тал көшеттерін егіп, “Таза Қазақстан” акциясына өз үлестерін қосты. Аудан басшысының ұсынысымен аталмыш жиын алдағы уақытта да жалғасын табатын болып тарқасты.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі