САЙРАМДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

24
Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылдық округінің Алаш және Ақсу елді мекендерінде, сондай-ақ, Жібек жолы, Төле би және Қыстаубаев көшелері бойында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған сенбілікке Сайрам ауданы әкімі аппараты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық орталық аурухана, Ақсукент ауылдық округі әкімі аппараты және «Көрікті Сайрам» КММ қатысты.
Сенбілік барысында каналдар мен арық-атыздар, көше бойлары тазаланып, қураған ағаштар кесіліп, аумақтар ретке келтірілді.
Алаш және Ақсу елді мекендерінде өткен тазалық жұмыстарына 600 адам қатысып, 8 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигон аумақтарына 11 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.