АРЫС АУДАНЫНДА ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ТАНЫСТЫРУ МАҚСАТЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

360

Арыс қаласы әкімшілігінің мәжіліс залында, аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Мырзахметовтың ұйымдастыруымен, 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тұжырымдамасы таныстырылып, негізгі тәсілдері мен бастамалары туралы жоспар талқыланды.

Жиынға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Арыс қалалық маслихатының төрағасы Қайрат Ахметов, Арыс қаласы әкімнің аппарат басшысы Талғат Анашбеков, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бақтыгали Ділдәбеков, Арыс қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Айдар Манапов, Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, сонымен қатар денсаулық сақтау басқармасы, мемлекеттік ұйымдар мен консультативтік кеңесші орган мүшелері, ауыл округі әкімдері қатысты.

Кеңес отырысында соңғы кездері өзекті мәселеге айналған интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жол қауіпсіздігі жағдайларының алдын алу шаралары бойынша дайындалған жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ полиция бөлімінің жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстары бойынша баяндамалар тыңдалды. Арнайы слайд пен бейнеролик көрсетілді.