ОТЫРАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

238

Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ермек Усербаевтың ұйымдастыруымен, Заңға енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында жеке құрамға жиналыс өтті.

Өздеріңізге белгілі, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде тапсырма берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің шеңберінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу мерзімдері айқындалған.

Ал тұжырымдамада көрсетілген өзгерістерде қайталанған құқық бұзушылықтар бойынша 25 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу мерзімі ұзартылды.

Сонымен қатар жаңа өзгерістерде отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту немесе 5 тәулікке қамау қарастырылып отыр. Енді осы құқық бұзушылық 1 жыл ішінде қайталанған уақытта ескерту берілмейді, бірден – 10 тәулікке қамалады. Ұрып соғу үшін – 10 тәулік қамау, қайталанса – 20 тәулік қамау қарастырылып отыр.

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін – 15 тәулік қамау, қайталанса – 25 тәулік.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту алынып тасталып, енді тек 10 тәулік қамау қарастырылуда.

Қылмыстық кодекске енген өзгерістер 19

мамырда, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енеді.