ШЫМКЕНТ: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» орналасқан №4 референдум учаскесінде ерекше концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қалалық этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары күні бойы өз өнерін көпшілікке ұсынуда.
Референдум учаскесіне келген тұрғындар үшін бұл шара тек көңіл көтеру ғана емес, қоғамдағы бірлік пен татулықтың, этносаралық достық пен ынтымақтың символына айналып отыр.
Іс-шара барысында әр ұлттың өнері айшықталып, ән мен күй, билер арқылы ұлттық дәстүрлер көрерменге шынайы сезіммен жеткізілуде. «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының «Нұр әжелер» тобы Нұрғали Тілендиевтің шығармаларын орындап, «Өз елім», «Ассалаумаләйкум», «Ел аман болсын» сынды әндер арқылы қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Дауыс берушілерді келе жатқан шуақты Наурыз мерекесімен құттықтаған ұйымдастырушылар ән мен күйден шашу шашып, мерекелік атмосфераны толықтырды.
ШЫМКЕНТ: ЭТНОКУЛЬТУРНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ ОРГАНИЗОВАЛИ КОНЦЕРТ
На избирательном участке №4, расположенном в «Доме дружбы» города Шымкент, была организована особая концертная программа. Художники и артисты городских этнокультурных объединений в течение дня демонстрируют своё мастерство жителям и гостям города.
Для посетителей участка это мероприятие стало не только поводом для хорошего настроения, но и символом единства, дружбы между народами и гармонии в обществе.
В ходе мероприятия художественные традиции каждого народа ярко проявились через песни, музыку и танцы. Группа «Нур әжелер» этнокультурного центра «Ынтымақ» исполнила произведения Нургали Тилендиева, а также песни «Öz elim», «Assalaumaleykum», «El aman bolsyn», создавая праздничное настроение для участников.
Организаторы поздравили избирателей с наступающим весенним праздником Наурыз, добавив праздничной атмосферы с помощью музыки и танцев.















