БАСТЫ МІНДЕТ — МАСЫЛДЫҚТЫ ЖОЮ

141

Бүгінде Түркістан облысында масылдықты төмендету, яғни тұрғындарды жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Жетісай ауданында масылдықты төмендету бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте 2024-2029 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында аудандағы 5-азамат «Күміс жас» жобасына ақпан айында жұмыссыз ретінде тіркеліп, еңбек нарығының сұранысына сәйкес «Анико» жеке кәсіпкерлігінде аспазшы болып жолданды. Қәзіргі таңда аталған бағдарлама аясында жұмысын атқарып жүр. Ол бағдарламаға қатысып өз ризашылығын білдіруде. Бүгінде «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады. Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздар жолданады.

Жұмыссыз жүрген жастар – халықтың ең осал буыны. Олар қоғам мен мемлекетке үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Жастар әрқашан дүниеге «кірпіш болып қалануға» ұмтылады, алайда өмірден өз орнын таба алмай жүргендері қаншама. Осыдан келіп қоғамнан жырақтау, суицидке бейімділік секілді мәселелер туындайды. Қазіргі кезде жастарға арналған «Дипломмен ауылға», «Жас кәсіпкер», «Серпін» және өзге де жобалар бар. Осы жобалар жастардың өміріне, әлеуметтендіру істерінде маңызды рөл атқарады. Әрине, бұларды іске асыра-тын – білімі мен дипломы бар жастар. Статистикаға қараудың қажеті жоқ деп ойлаймын, себебі жұмыссыз жүрген жастардың көбі тиісті Халықты жұмыспен қамту орталықтарына барып жұмыссыздық тіркеуден өтпейді. Бір мақалада: «Жастардың жағдайы мен көңіл-күйіне еңбек нарығында жұмыс орындарының жетіспеушілігі әсер етеді», – делінген екен. Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс жоқ емес, баршылық. Алайда біздің жастарымыздың бойында жалқаулық басым, жауапкершілік төмен болып тұр. Осындай теріс қасиеттердің болуы – балаға сәби кезінен көңіл бөлінбеуінен, оларды қолына қасықты ұстауға жарағаннан бастап еңбекке баулуды үйретпегеннен болатын нәтиже.