БӘЙДІБЕКТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШАРА ӨТКІЗДІ

197

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Отбасы күніне» орай М.Әуезов атындағы ІТ-мектеп-лицейі оқушыларымен «Отбасы – бақыт аясы» тақырыбында сурет байқауын өткізді. Шараның негізгі мақсаты — отбасында болатын зорлық-зомбылықтың, суицидтің алдын алу, отбасы жылулығы мен маңыздылығын дәріптеу.

Өскелең ұрпақты ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Аталмыш шара барысында оқушылардың көркемдік шығармашылығы сараланып, олардың бойындағы патриотизм мен отбасылық құндылық сезімдері одан әрі дамыды. Сондай-ақ балалар кездесу соңында тақырыпқа сай өз ойларын жеткізіп, пікір алмасу семинарымен жалғасты.