«АЛТЫН ҚАЗЫНА» КӨРКЕМ ЖӘНЕ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР БОЙЫНША БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ

241

Шымкент қаласы білім басқармасының 2023 жылдың 06 сәуірдегі №153 бұйрығы негізінде «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ ұйымдастыруымен білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру мақсатында 2023 жылдың 02-04 мамыр күндері аралығында Астана қаласында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы қашықтықтан өткізілді.

Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының қалалық көрме-байқауы Шымкент қаласы білім басқармасының 2023 жылғы 13 ақпандағы №66 бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 14-16 наурыз күндері «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Бейнелеу өнері» мұражайында өткізілді. Қалалық көрме-байқауына Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен қосымша білім беру мекемелерінің 11-17 жас аралығындағы білім алушылары қатыстырылды.

Қалалық кезең бойынша жеңімпаз атанған мектеп оқушылары мен қосымша білім беру мекемесінің білім алушылары көрме-байқауына Шымкент қаласы атынан республикалық көрме-байқауына 7 номинация бойынша қатыстырылды.

  1. «Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясы бойынша №89 ІТ мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Айтбай Диана Нуридинқызы.
  2. «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясы бойынша №89 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Асылбек Ержан Нұрланұлы.
  3. «Металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясы бойынша №109 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы 8 Ташполатов Жасурбек Баходирович.
  4. «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 11 сынып Пәрімбек Аружан Серікқызы.
  5. «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясы бойынша Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Шамшидов Абдурахман Ахметкулович.
  6. «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.» номинациясы бойынша Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Султанмурадова Нозима Диошодовна.
  7. «Ағаштан, тастан, саздан (қыш, саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинация номинациясы бойынша Хамза атындағы №57 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Шалабай Нұрсезім Ақылбекқызы.

Республикалық көрме-байқауына қатысатын жеңімпаздарға мекеменің мамандары жұмыстардың сапасына жіті назар аудара отырып, ереже талаптарына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі бойынша бағыт-бағдар беріліп әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жұмыстар фотосуретке түсіріліп jpg форматында электрондық нұсқасы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының altynkz2023@inbox.ru электронды поштасына жіберілді.

Нәтижесінде: «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясы бойынша №89 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Асылбек Ержан Нұрланұлы І дәрежелі дипломға ие болды. Жеңімпаз оқушыға телефон-смартфон 64ГБ табысталып, жоба жетекшілері мен топ жетекшісі алғыс хатпен, қалған қатысушылар сертификатпен марапатталды.