РЕФЕРЕНДУМ – 2026: НҰРЖАН ӘЛІБЕКҰЛЫ АБДЕЗОВ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

22

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әлібекұлы Абдезов референдумға қатысып, азаматтарды белсенді болуға шақырды.

Ол Қаратау ауданына қарасты №60 “Тараз” балабақшасының ғимаратында орналасқан №147 сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Ата Заңымыз – халық пен мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан да бүкіл халықтық референдум өткізіліп жатыр. Референдумның ерекше саяси маңызы бар деп есептеймін. Сол себепті әр азамат өз азаматтық борышын орындап, дауыс беруге шақырылады, – деді Н. Абдезов.

Айта кетейік, аталмыш учаскеде 1391 адам дауыс беруге тіркелген. Таңғы уақыттан бері 438 азамат өз таңдауларын жасап үлгерген.

РЕФЕРЕНДУМ – 2026: НУРЖАН АБДЕЗОВ ПРИЗВАЛ КАЗАХСКИЙ НАРОД ГОЛОСОВАТЬ

Представитель Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан по г. Шымкент Нуржан Абдезов принял участие в референдуме и призвал граждан проявить активность.

Он проголосовал на участке №147, расположенном в здании детского сада №60 «Тараз» в районе Каратау.

– Наша Конституция является гарантией стабильного развития народа и государства. Именно поэтому проводится общенациональный референдум. Считаю, что у него особое политическое значение. Поэтому призываю каждого гражданина выполнить свой гражданский долг и принять участие в голосовании, – отметил Н. Абдезов.

На данном участке зарегистрировано 1391 избиратель, к настоящему времени 438 человек уже сделали свой выбор.