Қаратау ауданында сенбіліктер ұдайы өткізіледі
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына барған сапарында атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі аумақтағы тазалық жұмыстары жөнінде баяндады.
Биыл ауданда көктем мезгілінде 9 рет сенбілік ұйымдастырылған екен. Сенбілікке 15 000-нан астам тұрғындар мен мекеме қызметкерлері қатысқан. 58 техника жұмылдырылып, 85 шақырым ирригациялық арықтар тазартылған.
Сонымен бірге, 10 мың түп ағаш көшеттері отырғызылып, 1190 текше метр күл-қоқыс қала сыртына шығарылды. Аталған жұмыстар аудан аумағында тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Шымкент — ортақ үйіміз, сондықтан өз ауламызды таза ұстайық!