Шымкентті қауіпсіз қала ету үшін жаңаша реформа әзірлеуді тапсырды

510

Шымкент қалалық Полиция Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов мемлекеттік органның жарты жылдықта атқарған жұмысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қала әкімі әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанымен, кейбір қылмыс түрлерінің саны артып, нәтиженің көңіл көншітпейтінін айтты. Шымкентті қауіпсіз қала ету үшін жаңаша реформа әзірлеуді тапсырды. Полиция тарапынан ұсыныс берілсе әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін негізгі индикаторлар белгіленіп, ай сайын соның нәтижесін зерделеп отырудың маңыздылығын, «Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша учаскелік полицейлердің жұмысын жандандыруды, көшедегі қайыршыларға назар аудару қажеттігін айтты.