Шымкент қаласы бойынша «Ashyq» жобасына 938 нысан енді

516

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев, департамент басшысының орынбасары А.Ахметов және эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы З.Есенғараеваның қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында Департамент басшысының орынбасары А.Ахметов «Ashyq» жобасы бойынша атқарылған жұмыстарды мәлімдеді.

– Шымкент қаласы бойынша «Ashyq» жобасына 938 нысан енді. Бұл жобаға қатысушы нысандарға QR-коды арқылы «қызыл» және «сары» статуспен анықталған жеке тұлғалар бойынша 573 хабарлама түсті. Қала бойынша 482, соның 212-і «қызыл» және 270-і «сары» статуспен анықталды. Осы ретте анықталған тұлғаларға 14-күндік үй карантинін сақтаулары керектігі туралы хабарлама берілді. «Сары» статуспен анықталған тұлғаларға санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды орындаулары туралы 251 қаулы шығарылды, – деді Алдарқұл Райымқұлұлы.

Сонымен қатар, басқа облыстардан келіп анықталған жеке тұлғалар (91 адам) бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шаралар атқару үшін аумақтық департаменттерге хаттар жолданды. Карантин режимін сақтамай «қызыл» мәртебесімен анықталған 65 жеке тұлғаға 2 800 320 теңгеге айыппұл салынды. Бұл орайда анықталған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда.